Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің cтратегиялық даму және халықаралық байланыстар проректоры

IMG 8844 1

 

ҚҰЛТУМАНОВА АЛМАГҮЛ ЖАБАТАЙҚЫЗЫ

Стратегиялық даму және халықаралық байланыстар проректоры

 

 

 

1992 жылы Павлодар педагогикалық институтын бітірген. Оқытушылық қызметін орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, орта мектеп директорының орынбасары болып бастады.

 2002-2005жж. – педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесіндегі «Білім саласындағы менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы.

 2005-2011жж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді. 2009-2010 жж. – ҚР БҒМ Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары. 2011 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясы Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітіріп, Дьюк Университеті (АҚШ) Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебінде 3 айлық тәжірибеден өтті. 

 2011 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім беру статистикасы және бағалау ұлттық орталығын басқарды.

 2015 жылдан 2017 жылдың қазан айына дейін «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ вице-президенті болып қызмет атқарды.

 «Қазақстан Республикасының құрметті білім беру қызметкері» белгісімен, «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік марапатымен, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. 2015 жылы – Қазақстандық жобаларды басқару қауымдастығының IPMA-ның С дәрежесі талап етілетін біліктілік деңгейін растады және де сертификатталған жобалық менеджері ретінде танылды.

Байланыс телефоны: +7 (727) 233-18-53