Құрметті оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер!
- Толығырақ
- Қаралды: 364
Құрметті оқытушылар, докторанттар,
магистранттар және студенттер!
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен Mugla Sitki Kocman University (Түркия) арасындағы келісім-шарт негізінде сіздерді 2018-2019 оқу жылында Мевлана алмасу бағдарламасына қатысуға шақырамыз (Қосымша 1).
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі:
- өтініштерді 2018 жылдың 16-ақпаннан 5-наурыз аралығында қабылдайды,
- үміткерлердің өтініштерін серіктес университетке жібереді,
- білім алушыларға іріктеу нәтижелері туралы хабарлайды.
Өтініш берушіге келесі құжаттарды ұсыну қажет:
Оқытушылар:
1) Өтініш толтыру (Қосымша 2)
2) Түйіндеме (ағылшын тілінде)
3) Тіл деңгейін растайтын құжат (сертификат)
4) Паспорт көшірмесі
5) Академиялық портфолио (орындалған, орындалып жатқан және жоспарланған жобалар тізімі)
Студенттер, магистранттар және докторанттар:
1) Өтініш толтыру (Қосымша 3)
4) Тіл деңгейін растайтын құжат (сертификат)
5) Паспорт көшірмесі
6) Транскрипт (ағылшын тілінде)
Білім алушыларға арналған талаптар:
- Бакалавриат - 4.0 балл бойынша GPA 2.5
- Магистратура, докторантура - 4.0 балл бойынша GPA 3.0
Грант бір семестрге бөлінеді (4 ай).
Білім алушылар екінші семестрге оқуын жалғастыруға ниет білдірген жағдайда, жатақхана, тамақтану, авиабилет және т.б. шығындарды өз қаражаттарынан төлейді (оқу ақысынан басқасын).
Іріктеу критерийлері:
- жалпы балл 50%, ал тіл деңгейі 50%-ды құрайды (ағылшын немесе түрік тілдерінің деңгейін растайтын құжат болу міндетті).
Ескерту: Қорытынды іріктеу Түркия Республикасының Жоғары Білім Беру Кеңесі тарапынан ҚазМемҚызПУ-не бөлінген бюджетке байланысты жүзеге асады.
Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласыңыз: Омарова Гульнур, тел. 233-89-08/ 45-50, каб.128
Қосымша 1
2018-2019 Mevlana Exchange Programme Quota List
|
||
Name of the University | Country | Department |
Kazakh State Women’s Teacher Training University |
Kazakistan |
Kazakh Literature, Turkish Language and Literature, Pre-school Education, Primary Education (Bachelor, Master Degree)
|
Business Management, History (Bachelor, Master Degree)
|