Ақпараттық хат-Смарт марафон-12.02.2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

 

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 2018 жылдың 12 сәуірінде студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «SMART NATION.KZ» ғылыми марафонына қатысуға шақырады

Іс-шара «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өткізіледі.

Өтетін орны: Алматы қ., Гоголь к-сі, 114.

Ғылыми марафонның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Ғылыми марафонды өткізу бағдарламасы

 

08.30 - 09.00

Қатысушыларды тіркеу

09.00 - 10.00

Стендік баяндамалар және жас инноваторлар көрмесі

 

10.00 - 13.00

 

Секциялар жұмысы

 

I

PHIL

Филологиялық ғылымдар және әлемнің ұлттық бейнесі

 

II

PED

Еліміздегі және әлемдегі педагогика және психология: қазіргі теория және тәжірибе

 

III

SOCHUM

Қазақ қоғамының санасын жаңғырту үдерісіндегі әлеуметтік-гуманитарлық білім

 

IV

NAT

Жаратылыстану ғылымдары: инновациялық технологиялар мен идеялар

 

V

PHYS, MAT,

IT

Цифрлық Қазақстан: физика-математика ғылымдарының жаңа серпілісі

 

VI

ART

Жаһандық әлемдегі қазақстандық мәдениет

 

13.00-14.00

Түскі үзіліс

 

15.00 - 17.00

 

Пленарлық мәжіліс

 

 

17.00 - 17.30

 

Жабылуы. Жеңімпаздарды марапаттау

 

 

Марафон қатысушылары келесі форматта қатыса алады:

- стендік баяндама, размер 841х1189 мм, А0 форматында;

- секцияға баяндамамен қатысу (5 минутқа дейін);

- пленарлық мәжілісте баяндамамен қатысу (7 минутқа дейін);

- мақаланы конференция жинағында жариялау.

 

Мақалаға қойылатын талаптар:
  1. Бет саны 3-5, формат А4, мәтіндік редактор MSWORD, шрифт Times New Roman, 12, аралық жол – 1, жол жиегі: сол жоғы – 30 мм, оң жағы – 15 мм, жоғарғы және төменгі жағы – 20 мм, азат жол: стандартты.
  2. Кестелер, схемалар мен суреттерге атау беріліп, Windows бағдарламасында теріледі.
  3. Үлгі бойынша рәсімдеу:

Әсел Ахметова

Қазақ тілі мен әдебиеті

2-курс/магистрант/докторант

ҚазМемҚызПУ

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., проф. Т.А.Омаров

 

ЛАТЫН ГРАФИКАСЫН ЕНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мәтін

 

Әдебиеттерге сілтеме тік квадрат жақшаның ішінде жазылып, әдебиеттер тізіміндегі нөміріне сай көрсетіледі. [1, 25 б.].

Әдебиеттер:

1. Бердяев Н. А. Смысл истории. М., Мысль, 2011.

  1. Мақалалар мен баяндамалардың электронды нұсқасы This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына 2018 жылдың 20 наурызына дейін SMART NATION.KZ жазбасы арқылы қабылданады.
  2. Материалдар автордың атымен рәсімделген бір файлмен, мақала ұсынылған секцияның нөмірін көрсету арқылы қабылданады (1_Ахметова Ә. doc)
  3. Барлық жұмыстар плагиат үшін тексеріледі, мәтіннің бірегейлігі кем дегенде 70%

Осы талаптарға сәйкес ресімделмеген мақалалар қарастырылмайды.

Ғылыми марафон жинағында мақаланы және баяндаманы жариялау үшін төлем 3000 теңгені құрайды (ҚазМемҚызПУ бакалавриат студенттерінен басқа авторларға).

Ұйымдастыру комитеті конференция материалдарын таңдау құқығын өзіне қалдырады.

Ғылыми марафон алқасының шешімі бойынша үздік деп танылған мақалалар мен баяндамалар ҚазМемҚызПУ «Хабаршы» журналында жариялауға ұсынылады.

Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы: Алматы қ., Әйтеке би, 99 к-сі., Бас оқу ғимараты, Ғылым бөлімі, 105 каб.

Тел.: 8 (727) 233-17-67, ішкі 4031; е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,

Чанчарова Алия, Есболова Самал, Чакенова Балжан.

           Банктік реквазиттер ҚазМемҚызПУ

ЖСК ТЕНГЕ-KZ61826A1KZTD2025263
БСК ALMNKZKA
БСН 990 240 005 438
КБЕ 16
Филиал АҚ «АТФ Банк» Алматы қ., 050060, Төле би көшесі, 24