Startup-Tomiris ЕРЕЖЕ-АҚПАРАТ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

«STARTUP-TOMIRIS»

инновациялық жобалар байқауын өткізу туралы

ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ереже

  • Осы Ереже «Startup-Tomiris» инновациялық жобалар байқауының өту тәртібін анықтайды (бұдан әрі - Байқау).
  • Ұсынылған жобалардың мазмұны жасырын болып табылады және байқау жұмысын тек қана бағалау және тексеру мақсатында пайдаланылады.
  • Байқау туралы ақпарат www.kazmkpu.kz веб-сайтында және оқу үдерісіндегі «УНИВЕР» жүйесінде жарияланады.
  • Байқаудың ұйымдастырушысы - Ғылым бөлімі.

 

2.Байқаудың мақсаты мен міндеттері

 

2.1. Мақсаты - университет білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін ашу және инновациялық кәсіпкерлікке тарту.

2.2. Міндеттері:

- студенттік бастамаларды анықтау және насихаттау;

- білім алушылардың әлеуметтік бағыттағы кәсіпкерлік мәдениетін және көшбасшылық дағдыларын қалыптастыру;

           - бизнес қауымдастықтарымен және өзге мүдделі тараптармен байланыс орнату.

 

3.Байқауға қатысу шарттары

 

3.1. Байқауға инновациялық және бәсекеге қабілетті, әлеуметтік мәні, енгізу тиімділігі бар және коммерциялық нәтижеге бағытталған жобалар ұсынылады.

3.2. Жұмыс үдерісі кезінде қатысушылар:

- стартап-жобасын жазудағы тәжірибиелік дағдыларын;

- топта жұмыс жасау тәжірибесін;

- ғалым-әзірлеуші және инвесторлармен қарым-қатынас мүмкіншілігін;

- түрлі бағыттарда (әлеуметтік, қызмет көрсету, өндіріске енгізу) жұмысқа тұру мүмкіншілігін алады.

3.3. Байқауға Университеттің күндізгі бөлімінің 1-3 курс студенттері, 1 курс магистранттары қатыса алады.

3.3. Өтінімнің қағаз және электронды нұсқасы Ғылым бөліміне тапсырылады.

3.4. Мерзімнен кешіккен өтінімдер қабылданбайды.

3.5. Байқауға қатысу ақысыз өтеді.

3.6. Жобалар мемлекеттік немесе орыс тілінде қабылданады.

 

4.Байқаудың өту кезеңдері

 

         Байқау 4 кезеңнен тұрады:

         - 1 кезең - өтінімдерді қабылдау (1-қосымша);

         - 2 кезең - сараптау комиссиясымен 3-ші кезеңге өтетін 5 үздік жоба таңдау (2-қосымша);

         3 кезең - жобаны қорғау (презентация 5 минут) және жеңімпаздарды анықтау (3-қосымша)

         4 кезең - жеңімпаздарды «SMART NATION.KZ» ғылыми марафонында марапаттау.

 

 5.Сараптау және байқау комиссиясы

 

5.1. Байқау қорытындысын шығару үшін ректор бұйрығымен Сараптамалық комиссиясының құрамы бекітіледі.

5.2. Сараптамалық комиссия құрамына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, Алматы қаласы Алмалы аудандық жұмыспен қамту орталығы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «KaznexInvest» экспорттау және инвестициялау бойынша ұлттық агенттігі, «АТФ Банк» АҚ, бизнес өкілдері кіреді.

5.3. Сараптамалық комиссия жобаларды инновациялық өлшемдер бойынша іріктеп бағалайды, белгіленген номинациялар/марапаттаулар бойынша байқаудың жеңімпаздарын анықтайды.

 

6.Марапаттау

 

6.1. І орын жеңімпазы Республикалық «STARTUP-BOLASHAK» инновациялық жобалар байқауына университет атынан қатысады және 200 000 теңгемен, ІІ орын жеңімпазы - 100 000 теңгемен, ІІІ орын жеңімпазы -50 000 теңгемен марапатталады.


Қосымша 1

 

«STARTUP-TOMIRIS» инновациялық жобалар байқауына

ӨТІНІМ

 

Жоба атауы

 

 

Жеке немесе топтық құрамдағы мүшелердің аты-жөні толық

 

 

Мамандығы, курсы, байланыс ақпараты (телефон, эл.пошта)

 

 

Жобаны жүзеге асыру мерзімі

 

 

Жобаның өзектілігі (200 сөзден артық емес)

 

 

Инновациялылығы (100 сөзден артық емес)

 

 

Жобаның әлеуметтік мәні (50 сөзден артық емес)

 

 

Жобаны енгізу тиімділігі (50 сөзден артық емес)

 

 

Мақсатты топ, клиенттер, сұранысы

 

 

Жобаны негізгі бәсекелестермен салыстыру (100 сөзден артық емес)

 

 

Кеңейту мүмкіндігі (100 сөзден артық емес)

 

 

Өзге сандық/сапалық көрсеткіштері

 

 

Қосымша ақпараттар (жетістіктер, өткен қиыншылықтар, фотосуреттер және т.б.)

 

 

 

 

 

 

Өтінім берушінің қолы

 

 

 

 

Қосымша 2

Жартылай жеңімпаздарды анықтау хаттамасы

 

Алматы қ.                                                                                                                             «____» __________ 2018ж.

 

п/п

Жоба атауы Өтінім берушінің аты-жөні Бағалау өлшемі 1 Бағалау өлшемі 2 Бағалау өлшемі 3 Бағалау өлшемі 4 Барлығы Шешім
1                
2                

 

  • Жобаның сұранысы
  • Жобаның инновациялығы
  • Енгізу тиімділігі
  • Ауқымдылығы

ü  Балл мөлшері бірдей болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады

ü  Өтінімге баға беру өлшемдері 0-ден (нөл) 2-ге (екі) дейін

 

Байқау комиссиясының мүшелері:

______________________ Т.А.Ә.

______________________ Т.А.Ә.

______________________ Т.А.Ә.

______________________ Т.А.Ә.

 

 

 

Қосымша 3

 

Жоба презентациясын бағалау хаттамасы

 

Алматы қ.                                                                                                                                                                              «____» __________ 2018ж.

 

п/п

Жоба атауы

Өтінім берушінің

аты-жөні

Бағалау өлшемі 1 Бағалау өлшемі 2 Бағалау өлшемі 3 Бағалау өлшемі 4 Бағалау өлшемі 5 Бағалау өлшемі 6 Бағалау өлшемі 7 Бағалау өлшемі 8 Барлығы Шешім
1                        
2                        
3                        

 

Бағалау өлшемдері

  • Жоба атауы;
  • Жобаның мақсаты, міндеті, жаңалығы және ерекшелігі;
  • Мақсатты топ тауарының/жұмысының/қызметінің/ т.б. сұранысы;
  • Жобаны негізгі бәсекелестермен салыстыру;
  • Жобаны жүзеге асыру механизмдерін сипаттау;
  • Жобаның тиімділігі;
  • Жобаның сандық және сапалық көрсеткіші;
  • Жобаны кеңейту.
  1. Презентациялар 1-ден (бір) 5-ке (бес) дейінгі балдармен баға беріледі:
  2. көрсетілген материалдар бизнес-идеяны бұл критерий бойынша бағалауға мүмкіндік бермейді;
  3. теріс нәтиже немес критерий жартылай ашылған немесе ашылмаған;
  4. бейтарап нәтиже немес критерий ашылды және анықталған, бірақ жеткілікті емес, дәлелдеме жеткіліксіз;
  5. жеткіліксіз оң нәтиже немесе критерий ашылды және анықталған, бірақ барлық қырларды қамтымайды;
  6. жеткілікті оң нәтиже немесе критерий сапалы түрде ашылған және дұрыс түсіндірілген.  

 

*Балл мөлшері бірдей болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады