Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті келесі лауазымдарға конкурс жариялайды:

Х А Б А Р Л А М А

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті келесі лауазымдарға конкурс жариялайды:

  • Оқу бөлімінің әдіскері;
  • Факультет хатшысы;
  • Оқу бөлімінің координаторы;
  • Әдістемелік бөлімінің басшысы;
  • Телефонист

 

Конкурсқа қатысушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар:

 

 

 Әдіскер

 

  1. Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, білім беру ұйымдарында кемінде 2 жыл еңбек өтілі болуы тиіс.
  2. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №108 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы», ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №168 бұйрығымен бекітілген «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі», 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесі», ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №110 қаулысымен бекітілген «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және оқуға қайта қабылдаудың ережесі», ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №266 қаулысымен қосымша бекітілген Жоғары білім беру жүйесі және мемлекеттік білім беру стандарттары, іс-құжаттар номенклатурасы туралы нормативтік құқықтық актілерін, білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін, оқу жоспарларын дайындау тәртібін, оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін, кәсіби білім беру педагогикасын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін, студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің жаңа заманғы нысандары мен әдістерін, экономика негіздерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын жетік білуге міндетті.

  

Факультет хатшысы

  1. Біліктілігіне қойылатын талаптар: еңбек өтілі болмаса да жоғары кәсіби білімі немесе орта кәсіби білімі, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
  2. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының заңды және нормативті-құқықтық актілерін, іс жүргізуді, құжаттарды өңдеу мен рәсімдеу әдістерін, қабылдау-байланысу құрылғыларын пайдалану ережелерін, типтік формаларды қолдана отырып қызметтік хаттарды компьютерде теру ережелерін, этика мен эстетиканың негіздерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын, еңбек туралы заңдардың негіздерін, Халықаралық ИСО стандартына сәйкес сапа менеджмент жүйесінің процедура талаптарын, сапа саласындағы саясат пен мақсаттарын білу.

 

  

Координатор

  1. 1.Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, білім беру ұйымдарында кемінде 2 жыл еңбек өтілі болуы тиіс.
  2. 2.Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №108 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы», ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №168 бұйрығымен бекітілген «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі», 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесі», ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №110 қаулысымен бекітілген «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және оқуға қайта қабылдаудың ережесі», ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №266 қаулысымен қосымша бекітілген « Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік шәкіртақы тағайындау, төлеу және мөлшері туралы ережесі» . Жоғары білім беру жүйесі және мемлекеттік білім беру стандарттары, іс-құжаттар номенклатурасы туралы нормативтік құқықтық актілерін, білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін, оқу жоспарларын дайындау тәртібін, оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін, кәсіби білім беру педагогикасын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін, студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің жаңа заманғы нысандары мен әдістерін, экономика негіздерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын жетік білуге міндетті.

 

Әдістемелік бөлім басшысы

  1. 1.Біліктілігіне қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, білім алу мекемелерінде басшы немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

 

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

Ғалым-хатшы

  1. Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғарғы не жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылым кандидаты, магистр дәрежесінің болуы және ғылыми жұмыс бағытта еңбек өтілінің 3 жылдан кем болмауы.
  2. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерін, білімнің, ғылым мен техиканың тиісті салаларындағы ғылыми проблемаларды, ұйым қызметінің профилі бойынша экономикалық қызмет түрінің даму бағыттарын, жоғары тұрған органдардың басшылық материалдарын, білімнің тиісті саласындағы отандық және шетелдік жетістіктерді; ұйымның, жоспарлау мен қаржыландырудың белгіленген тәртібін, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді; басқа ұйымдармен бірге жұмыстар орындаған кезде шарт жасасу мен орындау тәртібін; маркетингті; бөлімшенің ғылыми жабдығын, оны пайдаланудың ережелерін; өнертабыстар мен ашылуларға өтінім құрастыру тәртібін, ғылыми-техникалық құжаттамалар мен аспаптарды, материалдарды, басқа да ғылыми жабдықты сатып алуға өтінім рәсімдеуді; ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді басқарудың жүйесін; кадрларды даярлау мен біліктіліктерін көтеру бойынша қолданыстағы ережені; іс жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі басшылық материалдарды; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамаларын; еңбекті қорғаудың ережесі мен нормаларын.

  

Телефонист

 

  1. Біліктілігіне қойылатын талаптар: Байланысшының лауазымына арнаулы дайындықтары бар, лайықты куәліпен немесе диплом, немесе жұмыстың телефондық байланыстың күту тәжірибесі бар жағдайда ғана тағайындалады.
  2. Білуге міндетті:
    1. телефон аппаратының және коммутатор қондырғы құрылымын;
    2. университеттің телефон коммутациялық схемасының линиясын;
    3. техникалық қауіпсіздік ережесін және телефон аппаратының эксплуатациялық ережелерін және жабдықтардың да;
    4. телефон нөмірлердің барлығын;
    5. ОАО «Қазақтелеком» персоналымен шұғыл келіссөздің құзырлығының тәртібін білу.

 

Құжаттар хабарлама шыққан күннен бастап 15 күнтізбелік күн мерзімінде қабылданады.

 

           Мекен жайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 99 үй, 126 бөлме.

 

         Анықтама телефондары:       8 (727) 2331858                                              

         Факс:                                       8 (727) 2 33 18 35

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен "Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының арасындағы кадр саясатындағы меритократия қағидаларын бекіту жөніндегі шекті келісім