Егер СІЗ дарынды, білімді, өзіңіздің қабілетіңіз бен күшіңізге сенімді болсаңыз, «Ы. Алтынсарин – 2018» пәндік олимпиадасына қатысыңыз!

ТЕСТІЛЕУ сайтына өту үшін келесі сілтемені басыңыз:

http://test.themarine.kz/moodle/login/index.php

НҰСҚАУЛЫҚ

 

«Халықаралық Ы.Алтынсарин-2018 пәндік олимпиадасы» туралы ереже

 
 
Егер СІЗ дарынды, білімді, өзіңіздің қабілетіңіз бен күшіңізге сенімді болсаңыз,
«Ы. Алтынсарин – 2018» пәндік олимпиадасына қатысыңыз!
 
 Құрметті 11-сынып оқушылары!
     Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті еліміздің мектеп бітірушілері арасында қабілетті, дарынды оқушыларды қолдау мақсатында 2018 жылдың сәуір айында дәстүрлі «Ы. Алтынсарин-2018»  пәндік олимпиадасын  өткізеді.
Олимпиада  І тур шеңберінде 2 кезеңде өткізіледі.
     1-кезең   – Олимпиада ҰБТ-дің жаңа форматы бойынша Оn-line режимінде өткізіледі.
     2-кезең – Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау, марапаттау. Олимпиаданың салтанатты  жабылу рәсімі өткізіледі.
Олимпиада төменде көрсетілген пәндер бойынша ұйымдастырылады:
-          қазақ тілі мен әдебиеті;
-          орыс тілі мен әдебиеті;
-          ағылшын тілі;
-          физика;
-          биология;
-          география;
-          дүниежүзі тарихы;
-          химия;
-          математика.
       Мектеп бітірушілері үшін «Ы. Алтынсарин- 2018» пәндік олимпиадасына Оn-line режимінде қатысушыларды тіркеу жүргізілуде.
       Олимпиаданың әр пәні бойынша жеңімпаздар болып, ең үздік көрсеткіш көрсеткен және І дәрежелі диплом алған оқушылар саналады.
       Жүлдегерлер болып, ІІ және ІІІ дәрежелі диплом алған оқушылар саналады.
       Университетке оқуға түсу барысында Олимпиаданың әр пәнінен алғашқы үш жүлделі орынды иеленген қатысушылар таңдаған пәні мамандығына сай келген және ҰБТ-ға қажетті өту балын жинаған ҚР азаматшасы – толық оқу курсының: әр бір оқу курсының оқу ақысына қатысты 15% пайыздан 60% пайызға дейінгі аралықта жеңілдік беретін дипломмен марапатталады.
       Олимпиаданың әр пәнінен бекітілген өту балын жинаған қатысушылар Университетке түсу барысында бірінші кезекте оқуға қабылданады және әр бір оқу курсының оқу ақысына қатысты 15% пайыздық жеңілдікке құқық беретін сертификаттармен марапатталады.
       Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат университет сайты мен «Қыздар университеті» газетінде жарияланады.
       Мекен-жайы: Алматы қ., Гоголь көш. 114, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру мен мансап бөлімі.
       Байланыс тел.: +7 (727) 233-19-50.
«Ы. Алтынсарин-2018» пәндік олимпиадасына
 
ТІРКЕЛУ АЯҚТАЛДЫ
 
СӘТТІЛІК  ТІЛЕЙМІЗ!!!