Білім беруге арналған сандық ресурстар тақырыбында семинар өтті

 

АЛМАТЫ. 30 наурыз. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде ұйымдастырылған «Ғылыми бейсенбі» жобасының аясында «Білім беруге арналған сандық ресурстар» тақырыбы бойынша семинар өтті.
 
Аталған тақырып аясында Knowledge Engineering компаниясының директоры Нұртай Әшім оқу орнының профессор-оқытушылары мен қызметкерлеріне бірнеше тақырыпта презентация жасады. Атап айтқанда, ол қазақстандық Kitap.kz, Openu.kz, Bilimland.kz, Academia.kz, Википедия, 100kitap.kz сияқты онлайн-ресурстарды оқу үдерісінде қолдану мүмкіндіктерімен таныстырды.
 
Сонымен қатар, Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі департаменті ұйымдастырған семинар барысында Н. Әшім жеке онлайн курстарын құру мен жүргізу, оқу-әдістемелік құралдарды ақылы негізде қамтамасыз ету, монография, оқу құралдарын орналастыру, оқу кеңістігін, кітапхана, мұражайды цифрландыру, экономика білімінің қажеттілігіне сәйкес келетін Қазақстандағы сұранысқа ие визуальды графика, медиа дизайн, сценарлы іс сияқты жаңа мамандықтарды оқу үдерісіне кіргізу, латын графикасын енгізу және инклюзивті білім беру үшін онлайн дайындау сияқты профессор-оқытушылар мен қызметкерлердің жеке еңбектерін коммерциализациялау туралы түрлі шынайы варианттар турасында әңгіме қозғады.
 
Жиын соңында қатысушылар Knowledge Engineering компаниясының директорына тақырып төңірегінде сұрақтарын қойып, толымды әрі нақты жауап алды.
 
«QYZDAR YNIVERSITETI» MEDIA ORTALYGY
Tel.: 8 (727) 279-38-17
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
facebook: qyzdaryniversiteti
вконтакте: qyzdar_yniver
instagram: qyzdar_yniversiteti