«Хабаршы» ғылыми журналының жаңа саны жарық көрді

 

АЛМАТЫ. 2 сәуір. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Хабаршы» журналының биылғы жылғы бірінші нөмірі жарық көрді.
 
Ғылыми жинақ жаратылыстану, физика-математика, информатика, филология, тарих, экономика, құқық, педагогика – психология, өнер және мәдениет бағыттары бойынша оқырман назарына ұсынылып отыр. Аталған салалар бойынша жалпы саны 28 ғылыми бағыттағы мақала жарық көрген.
 
2006 жылдан бері жарық көріп келе жатқан «Хабаршы» ғылыми журналы білім беру және ғылым кеңістігіндегі инновациялық жаңалықтарды және ғылыми-зерттеу нәтижелерін тұрақты жариялап келеді. Басылымда шетелдік ғалымдардың мақалаларының көптеп жариялануы басылымның халықаралық деңгейде танылуының айғағы және журналдың имиджінің артуының дәлелі.
 
Журналда 6 бағыт бойынша мақалалар жинақталып, жылына 4 рет жарияланып отырады. Журналдың редакциялық алқасы аталмыш ғылым салалары бойынша отандық және шетелдік ғалымдардан құралған.
 
Журналда ғылымның әр саласы бойынша республикалық, шетелдік ғалымдар мен ізденушілердің зерттеулері, ғылыми мақалалары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланады.
 
«QYZDAR YNIVERSITETI» MEDIA ORTALYGY
Tel.: 8 (727) 279-38-17
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
facebook: qyzdaryniversiteti
вконтакте: qyzdar_yniver
instagram: qyzdar_yniversiteti