Университет студенттері тоғызқұмалақтан жеңімпаз атанды

 

АЛМАТЫ. 5 сәуір. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің құрама командасы тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен XII Спартакиада жеңімпазы атанды.
 
30 наурыз күні Қыздар Университетінің спорт кешенінде байрағын көтерген сайыс Алматы қалалық «Парасат» кәсіподақ ұйымының мұрындық болуымен ұйымдастырылды.
 
«Ақбілек» спорт клубының жетекшісі Сәдуақас Шыңғысбаевтың айтуынша, Астана қаласының 20 жылдығына арналған жарысқа 8 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Атап айтқанда, сайыс кезеңдерінде Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Нархоз университеті, Азаматтық авиация академиясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті және Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері бақтары мен баптарын сынады.
 
– Қыздар Университетінің командасы тоғызқұмалақтың классика түрінен үздік шықты. Бұл спартакиадаға 5 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 10 спорт шебері қатысты. Осыдан-ақ, спартакиада деңгейінің жоғары болғанын бағамдаймыз, – деп атап өтті Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы, команда бапкері Мақсат Чныбаев.
 
Жарыс қортыныдысы бойынша бірінші орынға Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, екінші орынға Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті және үшінші орынға Азаматтық авиация академиясының студенттері ие болды.
 
«QYZDAR YNIVERSITETI» MEDIA ORTALYGY
Tel.: 8 (727) 279-38-17
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
facebook: qyzdaryniversiteti
вконтакте: qyzdar_yniver
instagram: qyzdar_yniversiteti