Қыздар Университетінің студенті Халықаралық өнер байқауының жүлдегері атанды

 

АЛМАТЫ. 9 сәуір. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Өнер және мәдениет факультетінің студенті Диана Мырзаханова IV Халықаралық Eurazia Piano Forum байқауында екінші орын иеленді.
 
Қазақ Ұлттық өнер университетінің 20 жылдығына арналған әр түрлі мамандықтағы үйренушілерді фортепианода ойнауда дайындауға арналған сайыс үш категория бойынша өткізілді. Атап айтқанда, өнер жарысында 1-9 сынып оқушылары арасындағы саз мектеп оқушылары, арнайы орта саз мектептерінің 10-12 сынып оқушылары арасындағы колледж және арнайы саз мектептерінің жоғары сынып оқушылары және саз және өнер жоғары оқу орындарының студенттері өзара мықтыны анықтады.
 
– Дәстүрлі жарыстың мақсаты – «Міндетті фортепиано» пәнінің төңірегінде фортепианолық орындаушылықпен айналысатын барлық мамандықтағы оқушылар мен студенттердің фортепианода ойнау дайындығының деңгейін анықтау, әр түрлі мамандықтағы жас музыканттарды фортепианолық орындаушылыққа ынталандыру және жастардың қызығушылығын арттыру, – деп атап өтті байқау ұйымдастырушылары.
 
Өнер сайысына қатысушылар «Фортепианода жеке орындаушылық» және «Ансамбльдік орындаушылық» кезеңдері бойынша баптары мен бақтарын сынады.
 
Алғашқы тур талабы бойынша кез келген жанрдағы әркелкі 2 шығарма орындау қажет. Ол категорияда барокко клавирдік музыкасынан бастап заманауи шығармаларды қоса немесе байқауға қатысушының таңдауымен шығарма және Қазақстан композиторларының шығармасы орындалуы тиіс. Сонымен қатар, бұл категорияда «Хормен дирижерлеу», «Музыка теориясы» және «Композиция» мамандықтары бойынша да музыкалық шығарма орындау қарастырылған.
 
Ал, екінші кезеңде қатысушылар фортепианоның сүйемелдеуімен 2 ансамблдік шығарма орындауы тиіс. Музыкалық туындылар қатарында вокалдық, камеарлы-аспаптық шығармалар бар.
 
Байқау қорытындысы бойынша Қыздар Университетінің студенті «Фортепианода жеке орындаушылық» номинациясы бойынша жүлделі екінші орынға лайық деп танылып, арнайы дипломмен марапатталды. Айта кетейік, өнер сайысына оны Эльмира Сұлтанғалиева дайындады.
 
«QYZDAR YNIVERSITETI» MEDIA ORTALYGY
Tel.: 8 (727) 279-38-17
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
facebook: qyzdaryniversiteti
вконтакте: qyzdar_yniver
instagram: qyzdar_yniversiteti